Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фитнес орталықтар мен хауыздар Италияда дүйсенбіден бастап ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Кәрі құрлықтағы бұл мемлекет жаһанды жайлаған коронавирустан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Мұндағы жұртта қазір қалыпты өмірге қайта орала бастады. Бірақ жаңа ереже Ломбардия қаласына қатысты емес. Өйткені онда індет ошағы анықталған. Екі айлық үзілістен кейін ашылған фитнес орталықтары санитарлық норманы мұқият сақтауы тиіс.Италияның жүзу федерациясы бассейнге бір уақытта 44 адамды кіргізуге рұқсат берді. Біз алғашында 24 келушіні ғана қабылдайтын болып шештік. Адамдар қауіпсіз жерде жүзіп жүргенін сезінуі керек. Кезең-кезеңімен қонақтар санын көбейте береміз, – дейді спорт клубының жетекшісі Стефано Чечилия.