Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде CNBG, Cinovac, Moderna, Pfizer/BioNTech, Sinofarm, Sputnik V атты алты вакцина қолданыста.
Италиялық ядролық физика ұлттық институтының ғалымдары әлем елдерінде коронавирусқа қарсы вакцинация туралы барлық ақпаратты ұсынатын сайтты іске қосты.
Сайтта қай елдің қандай препараттарды қолданғанын және вакцинация науқаны қалай жүріп жатқанын көрсететін карта ұсынылған.
Мәліметтерге сәйкес, әлемде алты COVID-19 вакцинасы қолданылуда. Олар - CNBG, Cinovac, Moderna, Pfizer/BioNTech, Sinofarm, Sputnik V. Препараттардың әрқайсысы белгілі бір түспен ерекшеленген.
Ең көп вакцинация АҚШ-та жасалды (5,9 миллионнан астам адам). Алайда, вакцинация санының белгілі бір елдің халқына қатынасын көрсететін сызбаға сәйкес Израиль вакцинация бойынша әлемдік көшбасшы.
Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания патшайымы Елизавета II және герцог Филип коронавирусқа қарсы екпе салдырғаны хабарланған болатын.