Италияда аптап ыстық халықты әбігерге салды

Бөлісу:
Италияда аптап ыстық халықты әбігерге салды
Фото: скрин

Италияда ауа температурасы тым жоғары. Бірнеше күннен бері жалғасып жатқан аптаптан туристер мен қала тұрғындары суға шомылып, салқын су ішіп амалдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе Сицилия аралындағы Палермо қаласында сынап бағанасы 40 градустан төмен түспей тұр. Бұл аймаққа бірнеше айдан бері жауын-шашын түспеген. Су тапшылығынан ауыл шаруашылығы алқаптары зардап шекті.

Мамандар қарашаның соңына дейін жаңбыр аз жауады, ал ми қайнатар ыстық алдағы 10 күн бойы жалғасады деп ескертті.

Өзгелердің жаңалығы