Италия билігі ресми хабарламаларда ағылшын және өзге де шетелдік сөздерді қолданатын итальяндықтарға 100 000 еуроға (49 миллион теңге) дейін айыппұл салуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа заң жобасын елдің Премьер-министрі Джорд Мелони мен «Италия бауырлары» партиясы ұсынған.
Жаңа заң жобасын төменгі депутаттар палатасының мүшесі Фабио Рампелли ұсынған және ол Премьер-министрден қолдау тапқан.
Заң барлық шет тілдеріне қатысты болса да, әсіресе «англоманияға» немесе жобада итальян тілін «қорлайтын және төмендететін» ағылшын сөздерін қолдануға бағытталған.
Парламентте әлі талқыланбаған заң жобасы мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқаратындардың барлығынан «жазбаша және ауызша білім мен итальян тілін меңгеруді» талап етеді. Ол сондай-ақ ресми құжаттамада ағылшын тілін қолдануға тыйым салады, оның ішінде елде жұмыс істейтін компаниялардағы лауазымдардың атаулары бар.
Шетелдік ұйымдарда барлық ішкі ережелер мен еңбек шарттарының итальян тіліндегі нұсқалары болуы керек.
Заңның бірінші бабы тіпті итальян тілінде сөйлемейтін шетелдіктермен жұмыс істейтін кеңселерде де итальян тілі негізгі тіл болуы керек екені айтылған.