Италияда Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

17 Желтоқсан 2020, 22:35
1834
Бөлісу:
Италияда Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Италиядағы елшілігінде Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Италиядағы елшілігінде «Абай ақпараттық-мәдени орталығының» ашылу салтанаты, сондай-ақ қазақ жазба әдебиетінің негізін салушысының поэмалары мен «Қара сөздері» жинағының тұсаукесері өтті. 

Іс-шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының (ҰАБ) қатысуымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен аралас форматта өтті.

Орталық Абай шығармаларының және ол туралы ҰАБ қорынан шыққан басылымдардың көрмесін, философтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды ұсынады. 

Елшіліктің кеңесшісі Әсет Байсынов өзінің алғысөзінде ХХІ ғасырда білімнің маңыздылығы туралы айтып, жас ұрпаққа лайықты білім алуға нұсқау беретін, олардың жарқын болашағының кепілі болатын ұлы Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтті. 

Елшіліктің көмегімен Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы Абайдың «Қара сөздері» мен поэмаларын итальян тіліне аударды. Бұл итальян оқырманына ұлы ақын әрі ойшылдың еңбектерімен танысуға жаңа мүмкіндік беріп, екі ел халықтарын өзара мәдени байытуға қызмет етеді, Италия жұртына қазақ әдебиеті мен поэзиясын, сондай-ақ Абай еңбектері арқылы Қазақстанның мәдени және әдеби өмірін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, - делінген таратылған ақпаратта.

«Қара сөздер» – бұл ақынның қартайған шағында жазған, өз ой-санасынан өткізілген және халқына деген сүйіспеншіліктен туындаған халқының тағдыры туралы терең ішкі ойлары, армандары мен уайымдарын жеткізгісі келген даналық қазынасы. 

Италияда Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Іс-шара қонақтары Қазақстанның Сан-Марино Республикасындағы Құрметті консулы Джованни Помпони, Санта-Чечилия академиясының профессоры Рафаэлле Колличенза болды. Онлайн форматтағы конференцияның қатысушылары мен спикерлері Амброзиан кітапханасының Академиясы жанындағы Академиялық хатшысы, Италия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытудағы ерекше еңбегі үшін Италия Республикасының офицері, профессор Эдоардо Канетта; Берлин еркін университетінің және Ка-Фоскари Венеция университетінің профессоры, түрколог Элизабетта Раганин; Қазақстанның Кампания (Неаполь) аймағындағы Құрметті консулы Серджио Москати; Қазақстанның Ломбардия (Милан) аймағындағы құрметті консулы Николо Андреа Гатто; жетекші итальян БАҚ журналистері, сондай-ақ Абай шығармаларын орындаған қазақстандық студенттер болды. 

Италияда Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Итальян сарапшылары Абайдың итальян тіліне аударылған қара сөздері мен поэмаларын оқып, таңданысын білдірді және ақын сөздерінің бүгін де өзектілігін сақтап қалғанын атап өтті. 

Қазақстан тарапын ҰАБ басшысы, Үмітхан Мұңалбаева Үмітхан; ақын, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының зерттеушісі Светлана Ананьева; ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров; ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бекзат Смағұлов таныстырды. 

Іс-шара соңында Санта-Чечилия академиясының профессоры Рафаэлле Колличенза жиналғандар үшін фортепианода түрлі шығармалар орындады. 

Италияда Абай ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Қазақстандық студенттер мен қонақтар сыйлыққа Абайдың поэмалар жинағын алып, ұлы ақынның мерейтойына орай ашылған орталықта мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізуге ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы