Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның солтүстігіндегі Ломбардия облысы Арденно қалашығының 101 жастағы тұрғыны Мария Орсингер үш рет коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды РИА Новости.
Алғаш әжейден коронавирус ақпан айында анықталған.
Анамды ауруханаға жатқызды, бірақ сол кезде дәрігер барлық егде жастағы науқастың ішінен анам ауруды жеңіл өткізгенін айтты. Анамның дене қызуы көтерілмеді және ол өздігінен демалып жүрді. Алайда екі ай бұрын ол тағы тест тапсырды, нәтижесі оң болып шықты, - дейді әжейдің Карла есімді қызы.Қыркүйекте Аппенинде коронавирустың екінші толқыны басталып, Орсингер қайтадан ауруханаға жатқызылған. Жақындарының сөзінше, бұл жолы оның дене қызуы кішкене көтерілген, ал жалпы ауру жеңіл өткен.
Анам ауруханада 18 күн жатты. Дәрігерлер мен медбикелер бізге күн сайын хабарласып тұрды. Олар анамның төзімділігіне таңғалды, - дейді науқастың Инес есімді қызы.Дәрігерлердің сөзінше, Орсингер ешқашан шағымданбаған. Әжейдің кезекті тесті теріс нәтиже көрсетілгеннен кейін ол алты жылдан бері тұрып келе жатқан қарттар үйіне қайтқан.
Өткен аптада кезекті тексеріс кезінде анам тапсырған тест қайтадан оң болып шыққанын хабарлады. Бірақ ешқандай симптом жоқ, өзін жақсы сезінеді, тәбеті де жақсы, - дейді Инес.Мария Орсингер 1919 жылы 21 шілдеде испан тұмауы өршіп тұрған кезде туған. Ол испан тұмауын жұқтырмаған, алайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп қиындық көрген. Соғыс кезінде тұрмысқа шығып, алты баланы өмірге алып келген, одан бөлек, бірінші күйеуінің екі баласын асырап алған.
Италия дәрігерлері эпидемия кезінде бірнеше рет коронавирус жұқтырғандар жоқ емес екенін айтады. Ал сарапшылардың сөзінше, кейбір тесттің нәтижесі дұрыс емес болуы мүмкін.