Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың соңына дейін Италия шетелдік туристер үшін өз шекарасын ашпайды. Мұндай мәлімдемені Италияның мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини жасады.
Дегенмен, министр жағдайдың өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Ол барлығы эпидемиологиялық жағдайға және әр мемлекеттің саясатына байланысты болатынын атап өтті.
Шенеуніктің айтуынша, Италиядағы мұражайлар мен басты көрікті жерлер, олардың ішінде Колизей мен Помпей мамыр айында ашылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чехия президенті Еуроодақтың шекарасы кем дегенде бір жыл жабық болуы тиіс деп мәлімдеген болатын. Бұған дейін Чех денсаулық сақтау министрінің орынбасары Роман Примула екі жыл бойы шекараны жабық ұстауды ұсынды.
Алайда, кеше Чехия денсаулық сақтау министрі Адам Войтех ел үкіметі елден шығуға тыйым салуды алып тастағанын хабарлады.