Италия санитарлық талондарды енгізеді

24 Шілде 2021, 01:20
3221
Бөлісу:
Италия санитарлық талондарды енгізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда 6 тамыздан бастап вакцинацияланған азаматтар ғана мұражайға барып, мейрамханада тамақтана алады. Сонымен қатар спорт залдарда дене шынықтырумен айналыса алады, деп хабарлайды euronews.com.

Елде вакцинаның алғашқы компонентін алғаннан кейін-ақ «жасыл» статусы енгізіледі. Ал егер екінші вакцинацияны уақытында жасамаса, құжат автоматты түрде күшін жояды.

Сонымен бірге билік төтенше жағдайды жыл соңына дейін ұзартты. Премьер-министр Марио Драги өзінің белсенді жұмыс істейтіндігін ескертті.

Басқа Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі біздің елімізге қарағанда жоғары. Бірақ біз реакция жасамасақ, бізге инфекцияның жаңа толқыны келетінін білеміз және бүгінгі Францияда, Англияда, Испанияда болып жатқан оқиғалар Италияға да әсер етеді, – деді Италия премьер-министр Марио Драги.
Ал Австрияда міндетті маска кию режимі жеңілдеді. Халық әмбебап дүкендерге маскасыз кіре алады, бірақ тамақ сатып алғанда және дәріханада маска қажет. Алайда бұл жағдай Вена қаласына қолданылмайды, онда дельта штамы әлі де белсенді.

Өзгелердің жаңалығы