Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Италия құрамасының бапкері: Астанадағы қазақ күресі чемпионаты – жоғары деңгейде

15 Тамыз 2025, 20:07
475
Бөлісу:
 facebook.com/Mattia Molon labe Galbiati
Фото: facebook.com/Mattia Molon labe Galbiati

Астанада өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионатында Италия құрамасының ұлттық жаттықтырушысы Маттиа Галбиати жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қатысушылардың мықты екенін және ұйымдастырушылардың қонақжайлығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең алдымен, мен Астананы және Қазақстанды жақсы көремін. Мұнда әрдайым ерекше атмосфера, жарқын әсерлер және керемет қонақжайлық болады, – деді Маттиа Галбиати BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Ол Қазақстанда күрестің мықты мектебі қалыптасқанын, ал Италияда бұл спорт түрінің әзірге аса танымал еместігін айтты.

Біз де бұл спорт түрлерін дамытуға тырысып жатырмыз, себебі елімізде дәстүрлі күрес түрлерін қадағалайтын федерация бар. Мен осы федерацияның ұлттық жаттықтырушысымын және бұл ғажайып күрес стильдерін насихаттау үшін дзюдо мен самбодан спортшыларды тартамыз, – деді ол.

Маттиа Галбиати Астанада өткен әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

Әрине, жетілдіруге болатын ұсақ-түйек әрқашан табылады, бірақ жалпы алғанда бәрі жоғары деңгейде: тамаша ұйымдастыру, керемет еріктілер, жайлы қонақүй және ыңғайлы көлік логистикасы. Ең бастысы – қатысушылардың жоғары деңгейі. Турнирдің өту барысына толықтай көңіліміз толады, – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін біз әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионатының қалай өтіп жатқанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы