Италия Миландағы тәртіпсіздіктерден кейін қалаға 500 әскери қызметкер жібермек

17-18 қазанда мыңдаған адам Милан көшелеріне шығып, өмір сүру құнының өсуіне және Джорджа Мелони үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірген.

 Анадолы агенттігі 21 Қазан 2026, 05:18
21 Қазан 2026, 05:18
149
Фото: Анадолы агенттігі

Италия билігі 17-18 қазандағы наразылықтар тәртіпсіздікке ұласқаннан кейін Миланға қосымша 500 әскери қызметкер жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы вице-премьер, Сыртқы істер министрі Антонио Таяни мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оның айтуынша, әскери қызметкерлерге сот полициясының өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған шаралар қабылданбақ. БАҚ мәліметінше, әскерилерді қалаға үш айға орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Таяни бейбіт шерулердің заңды екенін атап өтіп, алайда Милан орталығындағы тонау мен қирату әрекеттеріне қатысқандарды қылмыскерлер деп атады.

Бұған дейін екі күнге созылған наразылықтар кезінде кемінде 50 адам ұсталған, олардың 11-і – кәмелетке толмағандар.

17-18 қазанда мыңдаған адам Милан көшелеріне шығып, өмір сүру құнының өсуіне және Джорджа Мелони үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірген. Кейбір қатысушылар дүкендер мен супермаркеттердің терезелерін сындырып, тонаған, қоқыс жәшіктерін өртеген. Салдарынан қалаға материалдық шығын келген.

Наверх