Италия мен Испания Сеутадағы оқиғадан кейін шекаралық тексерулерді толық тоқтатады

Екі ел Еуропаның ортақ кеңістігінде қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасуды күшейтеді.

 depositphotos.com 23 Қазан 2026, 08:10
23 Қазан 2026, 08:10
94
Фото: depositphotos.com

Италия мен Испанияның ішкі істер министрлері Сеутадағы дағдарыстан кейін Шенген аймағындағы еркін жүріп-тұру тәртібінің тоқтатылуын ұзартпауға келісті. Осыған байланысты шекаралық тексерулер тоқтатылады.

Бұл туралы Euronews хабарлады.

Италияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шешім жағдайды жан-жақты талдап, келіссөздер жүргізгеннен кейін қабылданған. Сонымен қатар екі ел Еуропаның ортақ кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасуды күшейтеді.

Екі жарым ай бойы бір елден екіншісіне ұшақпен немесе кемемен келген жолаушылар келген жерінде тексерілуі мүмкін еді. Соның салдарынан екі ел де Шенген аймағындағы еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің артықшылықтарынан уақытша айырылды.

Шекаралық бақылауды Италия алғаш рет 1 тамызда енгізген. Бұған Мароккодан Испанияның Сеута анклавына 72 мыңнан астам мигранттың заңсыз өткені себеп болған. Кейін Испания да жауап шараларын қабылдады. Бұл жағдай Рим мен Мадрид арасындағы елеулі дипломатиялық шиеленіске әкелді.

Айта кетейік, Италия мен Испания заңсыз мигранттар легінен кейін енгізілген шекаралық бақылауды ұзартқан болатын.

Наверх