Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте елдегі шектеулі карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтты, себебі бұдан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашарлауы мүмкін.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәлімет бойынша, Италия 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін тоқтатады. Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен, осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ.