IT саласындағы қызметкерлер сертификациядан өтеді

3 Қараша 2022, 01:18
1195
Бөлісу:
IT саласындағы қызметкерлер сертификациядан өтеді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы қаржы компанияларынан IT саласындағы қызметкерлердің кемінде 5 пайызын сертификаттауды талап етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзгерістер ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері персоналының кемінде 5%-ын міндетті бейіндік сертификаттауды қамтамасыз ету бөлігінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді, – деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес, сертификаттау ISO/IEC 17024:2012 Халықаралық стандартына немесе ISO/IEC 17024-2014 Мемлекетаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Бұл стандарттарды персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдар - сертификаттау процестерінің тәуелсіздігін, ашықтығы мен сенімділігін растау үшін кеңінен қолданады.

Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы