«Істі соңына дейін жеткізгім келеді»: Әйел 30 жыл бұрын бірнеше адам зорлағанын айтты

Әлеуметтік желілердегі жарияланымнан кейін полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:10
Бүгiн 2026, 19:10
159
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Батыс Қазақстан облысында әйелдің 30 жыл бұрын болған қылмыс туралы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видео авторының айтуынша, оқиға осыдан 30 жыл бұрын, ол кәмелетке толмаған кезде және өңірдегі елді мекендердің бірінде тұрғанда болған. Әйел бірнеше ер адамның зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді. 

Ол бейнежазбада ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарына жүгінбегенін және елден кетіп қалғанын айтты. Қазіргі уақытта шетелде тұрады.

Оның сөзінше, жарияланымнан кейін полиция өкілдері онымен байланысқа шыққан. Әйел Қазақстанға келіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етпекші.

Мен бұл істі соңына дейін жеткізгім келеді, - деп атап өтті ол.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Барлық уәждер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында зерделенетін болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда зорланған 13 жастағы оқушы қызға қысым көрсетілгені хабарланды. 

Наверх