Испаниядағы алғашқы COVID-19 вакцинасы 96 жастағы әйелге салынды

27 Желтоқсан 2020, 21:44
1172
Бөлісу:
Испаниядағы алғашқы COVID-19 вакцинасы 96 жастағы әйелге салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинация басталды.

Pfizer вакцинасының алғашқы дозаларын қарттар үйінің 96 жастағы тұрғыны мен осы мекеменің медбикесі қабылдады. Вакцинация мемлекеттік TVE телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Арасели Розарио Идальго Санчес 1924 жылы дүниеге келген және 2013 жылдан бері Гвадалахарадағы (Кастилия-ла-Манча) Олмостың қарттар үйінде тұрады. Араселидің қызы, ұлы, төрт немересі және шөбересі бар.

Содан кейін вакцина осында 10 жыл жұмыс істейтін қарттар үйінің медбикесі Моника Тапиасқаға (1972 жылғы) салынды. Ол елдегі алғашқылардың бірі болып, вакцина алу болу құрметіне ие болғанын мақтан тұтатынын айтты.  

Біз мүмкіндігінше адамдардың көбірек вакцина алғанын қалаймыз. Өйткені көптеген адам уақытында ала алмай, қайтыс болып кетті, - деді Моника.

Бірінші партияда қанша вакцина бар екендігін Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі айтпады. Алайда бұл көп мөлшерде емес. Испания билігі қазір елге аптасына 350 мың доза вакцина жеткізілуі керек деп уәде етіп отыр. Алдағы 12 аптада Испания 4,6 миллион доза вакцина алуы керек. Бұл елдегі 2,6 миллион адамды вакцинациялауға мүмкіндік береді (вакцина екі рет енгізіледі).

Испанияда вакцинация төрт кезеңге бөлінген: біріншісін мүгедектерге арналған қарттар үйі мен орталықтарының тұрғындары мен қызметкерлері, сондай-ақ медициналық қызметкерлер қабылдайды.

Тек Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша эпидемия басталған наурыз айынан бері Испанияда 1,8 миллион COVID-19 инфекциясы анықталды. Соңғы екі аптада эпидемиологиялық ахуал нашарлай бастады (123 мың жағдай анықталды, халықтың жүз мыңына шаққанда 262).  Ресми мәліметтер бойынша, 50 мыңға жуық адам эпидемияның құрбаны болды, оның 634-і тек соңғы аптада.

Өзгелердің жаңалығы