Испанияда күн райына байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Өйткені күн шыжып тұр. Оңтүстік өңірлерде температура 44 градусқа дейін жетеді. Синоптиктер ыстық әлі бірнеше күн басылмайтынын ескертеді. Елде орман өртіне қарсы дайындық шаралары күшейтілген.
Ал далада еңбек ететін қызметкерлердің жұмыс күні шектелді.
Негізі жұмысымыз оңай емес қой. Ал мынадай ыстықта тіптен қиындап кетеді. Күн астында жүріп қатты шаршаймыз. Өзімізді нашар сезінеміз, - деді қала тұрғыны Эмануэль Лопес.