Испанияда төтенше жағдай жарияланды

Испанияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Елдің оңтүстік-шығысында күшіне мінген "Элис" дауылы мен толассыз жауған жаңбыр жұртты әбігерге салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 12 Қазан 2025 2025, 08:55
12 Қазан 2025 2025, 08:55
627

Испанияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Елдің оңтүстік-шығысында күшіне мінген "Элис" дауылы мен толассыз жауған жаңбыр жұртты әбігерге салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 24.kz жазды.

Мурсия мен Валенсия аймақтарындағы тұрғындар эвакуацияланды. Мектептерде сабақ тоқтатылды. Ал кейбір әуежайларда рейстер кейінге шегерілді. Испанияның ұлттық метеорологиялық агенттігі соңғы күндері Батыс Жерорта теңізінде қалыптасқан дауылды мұқият бақылап отыр. Мамандар кей аудандарда жауын-шашын мол түсіп, тасқын жүру қаупі барын ескертуде.

Наверх