Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жетті

8 Қараша 2024, 09:14
221
Бөлісу:
Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жетті

Тағы 93 адам хабар-ошарсыз кетті. Опат болған және зардап шеккендердің дені Валенсия қаласының тұрғындары, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстік-шығысында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Апатпен күреске 15 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Бұдан бөлек, психологтар мен полиция қызметкерлері де тартылған. 

Көмек қолын созған 45 мың ерікті тағы бар. Испаниядағы бұл жағдай – Еуропадағы кейінгі 57 жылдағы ең ірі су тасқыны.

Өзгелердің жаңалығы