Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лагартера қаласының қарттар үйінде 13 қаңтар күнгі вакцинациядан кейін қариялардың вирус жұқтырғаны анықталды, деп жазды lavanguardia.com.
Вирусқа шалдыққандардың жетеуі көз жұмды.
Pfizer вакцинасының алғашқы дозасы 13 қаңтар күні егілген болатын.
Алғашқы симптомдар алты күннен кейін он адамда біліне бастаған.
Көз жұмғандардың көбінің өзге де ауыр дерттері болған.
Мекеме басшылығы 78 адам өз бөлмелерінде оқшауланғаны туралы мәлімет берді.
Қарттар үйіндегі вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Екінші дозаны егу 3 ақпанға белгіленген.
Бұған дейін Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина алған 23 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған.
Ел билігі тұрғындардың нақты қандай вакцина алғаны туралы мәлімет берген жоқ. Дегенмен желтоқсан айының соңында елде Pfizer және BioNTech вакциналарымен вакцинациялау басталғаны туралы хабарланған болатын.