Испанияда мейрамханалар қайта ашылды

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда 6 айға созылған шектеулерден кейін мейрамханалар мен барлар қайта ашылды. Енді тамақтану орындары түнгі сағат 11-ге дейін жұмыс істейді.<br> </h4>

10 Мамыр 2021 2021, 12:18
АВТОР
 10 Мамыр 2021 2021, 12:18
10 Мамыр 2021 2021, 12:18
1741

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда 6 айға созылған шектеулерден кейін мейрамханалар мен барлар қайта ашылды. Енді тамақтану орындары түнгі сағат 11-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Алайда ғимарат ішінде қонақтар санына шектеу бар. Жалпы Испанияда індетке қарсы төтенше жағдай кеше аяқталды. Карантиннің жеңілдеуіне байланысты тұрғындарға аймақ арасында сапар шегуге рұқсат етілген. Биліктің мәлімдеуінше, елде вакциналау науқаны қарқын алып, вирусты жұқтырушылар саны азайған.
Мейрамханаларды ашуға рұқсат бергеніне әлі сене алар емеспін. Біз енді ешқашан жұмыс істемейтін шығармыз деп ойладық. Барлық сала баяғы өмірге тездетіп оралар деген үміттеміз, - дейді мейрамхана менеджері Хосе Архона.


Наверх