Испанияда мешітте атыс болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Сеута автономды қаласында белгісіз адамдар мотоциклмен келіп мешітке қарата оқ атқан. Бұл туралы Efe агенттігі хабарлады.</h4>

 24 Маусым 2019 2019, 16:07
24 Маусым 2019 2019, 16:07
2415

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Сеута автономды қаласында белгісіз адамдар мотоциклмен келіп мешітке қарата оқ атқан. Бұл туралы Efe агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, шабуыл жасағандар саны екеу болған. Олар мешіттің жанына келіп төрт рет оқ атқан, абырой болғанда ешкім зардап шепеген, алайда мешіт ішіндегілердің үрейі қашқан. 

Мешітке шабуыл жасағандар оқиға орнынан жасырынып үлгерген.
Наверх