Исмагулов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТАСС басылымының тілшісі&nbsp;Игорь Лазорин ресейлік файтер, этникалық қазақ Дамир Исмагуловтың келесі жекпе-жегі шамамен қашан өтетінін жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank">Prosports.kz</a>.</h4>

 13 Қаңтар 2021 2021, 22:03
13 Қаңтар 2021 2021, 22:03
1479

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТАСС басылымының тілшісі Игорь Лазорин ресейлік файтер, этникалық қазақ Дамир Исмагуловтың келесі жекпе-жегі шамамен қашан өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ол бұл туралы инстаграм желісіндегі «story» бөлімінде хабарлады.

Дамир Исмагулов UFC-дегі кезекті кездесуін наурыз-сәуір айларында өткізуді жоспарлап отыр. Жарақатына байланысты Исмагулов 2019 жылдың тамыз айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ, - деп жазды Лазорин.

Айта кетейік, жеңіл салмақта бұрынғы М-1 чемпионы Дамир Исмагулов UFC туы астында 2018 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. MMA әлемдегі жетекші лигада ол үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде ол 2019 жылы 31 тамызда Шэньчжэньде бразилиялық Тиаго Мойзеді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Наверх