Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Исламиада - 2025: Любовь Ковальчук үш күміс медаль жеңіп алды

12 Қараша 2025, 20:47
331
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
VIDEO
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Любовь Ковальчук Исламиада-2025 жарысында үш күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эр-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындарының VI жарысы өтіп жатыр. 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ауыр атлетші Любовь Ковальчук үш күміс медаль жеңіп алды.

«Серпе көтеру» жаттығуында спортшы 117 келіні, ал «жұлқа көтеруде» 150 келіні бағындырды. Екі сайыс нәтижесі бойынша Ковальчук 267 келіні (117 + 150) еңсеріп, жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Бұл марапаттар Исламиада-2025 жарысындағы ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының 10-, 11- және 12-медальдары болып саналады. 

Осылайша команда жалпыкомандалық есептегі орнын нығайтты.

Өзгелердің жаңалығы