Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ислам ынтымақтастығы ойындары: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді

17 Қараша 2025, 22:25
305
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті, – деп жазылған ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда отандасымыз өзбекстандық Марат Мавлоновпен өзара мықтыны анықтады. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бауыржан Хасенов Ислам ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы