Қазақстандық Эльмира Сыздықова Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйелдер күресінен ұлттық құрама өкілі 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды, – деп жазылған ҚР ҰОК хабарламасында.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Сыздықова Түркия өкілі Эльмира Ясинді жеңді.
Бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.