Қазақстандық грек-рим күрес стиліндегі балуан Ислам Евлоев 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы жекпе-жекте ол ирандық спортшы Голамрез Фаорхисенджаниден жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Ислам ынтымақтастығының VI ойындары 7 қарашада Эр-Риядта басталған болатын. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы ұсынады. Қазіргі уақытта ұлттық құрама медальдық есепте бесінші орында тұр: 11 алтын, 14 күміс және 16 қола медаль бар.