Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Алдияр Серік қарсыласының қысымы туралы айтты

20 Қараша 2025, 18:41
465
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан құрамасының джиу-джитсудан өкілі Алдияр Серік Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Серік финалда жарыс қожайыны Мохаммед Хураймиланы жеңді.

Бүгін Сауд Арабиясында жеңіске жеткеніме және еліміздің туын көтергеніме қуаныштымын. Ең алдымен, әкеме және бапкеріме алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ Ассоциация президентіне және командама қолдау үшін үлкен рақмет. Финалдық белдесу өте қиын болды. Менің қарсыласым небәрі бір апта бұрын әлем чемпионы атанды, сондықтан белгілі бір қысымды сезіндім. Соған қарамастан, жеңіске жете алдым, — деді спортшы.

Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасыда 100-ден астам спортшы бар.

Сауд Арабиясы тарихтағы алтыншы Ислам ынтымақтастығы ойындарын қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) өткен.

Қазақстан жалпыкомандалық медальдық есепте алтыншы орында. Құраманың қоржынында — 13 алтын, 16 күміс және 17 қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы