Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 8 Қараша 2025 2025, 22:03
8 Қараша 2025 2025, 22:03
585
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов екінші орынға ие болды.

Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Замохшари Бекмуродовқа жол берді.

Айта кетейік, қазір біздің дзюдошылардың қоржынында екі күміс медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов екінші орын алған еді.

Наверх