Ішкі істер министрлігінің кейбір функциясы өзгереді

26 Ақпан 2023, 13:36
1516
Бөлісу:
Ішкі істер министрлігінің кейбір функциясы өзгереді
Фото: BAQ.KZ

Ішкі істер министрлігіне экстремизм мен терроризмге қатысты істерді ашу үшін құзырлы органдардың қызметін үйлестіру құзыреті берілмек,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында жазылған.

Ішкі істер министрлігі экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мүдделі қызметтері арасында өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді, — делінген құжатта.

Қаулыға қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама экстремистік және террористік ұйымдардың қылмысын ашу бағытындағы құзырлы органдардың қызметін орталықтандыру мақсатында ұсынылғаны жазылған.

Бұл шара экстремистік және террористік ұйымдардың қылмысын, сонымен қатар криминалды бағыттағы деструктивті діни ағым ұстанушылары жасаған қылмыстарды ашуға және тергелуін одан әрі сүйемелдеуге қатысты криминиалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерімен ІІО құзырлы қызметтерінің жұмысын орталықтандыра отырып үйлестіруге мүмкіндік береді, — деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Қаулыны ашық талқылау 13 наурызда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы