Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты

15 Қазан 2020, 19:25
2051
Бөлісу:
Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан учаскелік полиция инспекторлары Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Жол-көлік оқиғасы бүгін Щучинск қаласында болды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына қатысып, оқиға орнынан қайтып келе жатқан. Осы кезде «Лексус» жүргізушісі жол ережелерін елемей, бағдаршамның қызыл шамынан жоғары жылдамдықпен өтіп, «Нива» қызметтік көлігімен соқтығысқан. Полиция қызметкерлері алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деді министр.

Сондай-ақ Тұрғымбаев полиция капитаны Қанат Айдарбекұлы Отарбаев ішкі істер органдарында 16 жыл қызмет еткенін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін 22 рет марапатталғанын айтты.

Оның артында жұбайы мен үш баласы қалған, олардың ең кішісі - 3 жаста.
Полиция капитаны Қанат Болатұлы Хамидуллин ішкі істер органдарында 12 жыл қызмет еткен және осы уақыт ішінде 23 рет марапатқа ие болған. Марқұмның артында жүкті әйелі мен жеті жасар ұлы қалды. Олардың кәсібилігі мен парасаттылығын, өз қызметіне адалдығын басшылық та, халық та бағалаған. Олар әріптестерінің арасында сыйлы болды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарымен бірге қайғырады, - деп жазды ІІМ басшысы.
Еске сала кетейік бұған дейін жол апатынан полиция қызметкерлері қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы