Ішкі істер қызметкерлері ауылдарды аралап, халықты сабырға шақырды – Байзақ ауданы тұрғыны

27 Тамыз 2021, 12:38
5776
Бөлісу:
Ішкі істер қызметкерлері ауылдарды аралап, халықты сабырға шақырды – Байзақ ауданы тұрғыны
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Байзақ ауданында орын алған апатқа қатысты Ботамойнақ ауылының тұрғыны пікірін білдірді. 

Мен Ботамойнақ ауылды округінің тұрғынымын. Ауылдағы түнде болған жағдай кезінде құқық қорғау саласы қызметкерлері ауыл халқын эвакуациялады. Ешқандай шығын болған жоқ. Дүрбелеңге жол берілген жоқ. Ішкі істер қызметкерлері әр көшелерді, ауылдарды аралап, халықты сабырға шақырып, қызметтерін атқарып жүр, - Ботамойнақтың тұрғыны.

Ол өз сөзінде апат болған уақытта ауыл тұрғындары арасында ешқандай қылмыс, тонау болмағанын атап өтті.


Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Апат салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапты.

Сонымен қатар брифинг кезінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев апат кезінде жоғалып кеткендер барын айтты.

Қазіргі күні медициналық көмекке жүгінген адамдарға көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кету керек, оқиғаға байланысты Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік 109 қызметіне барлығы 473 өтініш келіп түскен. «109» қысқа номеріне – 265 өтініш, WhatsАpp мессенджеріне – 190 өтініш келіп түскен.

Өзгелердің жаңалығы