Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбе облысы прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.