Алматы, BAQ.KZ. Алкоголь өнімдерін ең көп тұтынатын елдердің көшін Литва бастап тұр. Бұл туралы "Здоровье вкратце" экономикалық даму достастығы ұйымының баяндамасында айтылды, деп жазды Коммерсант басылымы.
Аталған ұйым таратқан мәліметке сүйенсек, жан басына шаққанда Литва тұрғындары 12,3 литр ішімдік ішетін көрінеді. Екінші орында Австрия тұр, ондағы ішімдікті тұтыну мөлшері 11,8 литр. Үшінші орында Франция - 11,7 л, Чехия - 11,6 л, Люксембург - 11,3 л, Латвия мен Ирландия - 11,2 л.Көрші Ресей елі мен Венгрия жетінші орында. Бұл елдерде әр адам 12,3 литр ішімдік тұтынады екен.
Ал ішімдікті ең аз тұтынатын ел ретінде Индонезия аталған. Онда жан басына шаққанда 0,3 литр ғана тұтынады екен. Түркия (1,4 л) мен Израилде (2,6 л) ішімдікті аз тұтынатындар қатарында. Рейтингке барлығы 45 ел ғана алынған.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша алкогольді ең көп тұтынатын елдер деп Литва, Чехия және Германияны атаған болатын.