Ішімдік ішіп, көлік жүргізген 23 жастағы жігіт қамауға алынды

19 Ақпан 2024, 12:13
77841
Бөлісу:
Ішімдік ішіп, көлік жүргізген 23 жастағы жігіт қамауға алынды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Central Media News жазды.

2024 жылғы 4 ақпанда тәртіп сақшылары Toyota Сamry көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев есімді азамат тізгіндеген.

Полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіге арнайы түтікше үрлетіп, тексерістен өткізген. Тексеріс нәтижесі бойынша полицейлердің күдігі расталған. Салдарынан ол 15 тәулікке қамалды. Сонымен қоса 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі тұраққа қойылды. Дегенмен Назарбаев сот шешімімен келіспейтінін атап өткен, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы