Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ішімдік ішіп, баржадан секірген: Ертісте ер адам суға батып кетті

13 Сәуір 2025, 23:59
610
Бөлісу:
 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында Ертіс өзеніне секірген ер адам батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 12 сәуір күні түнде орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір топ азамат су жағасында балық аулап, ішімдік ішкен. Куәгерлердің айтуынша, демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, қайта су бетіне шықпаған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы жөнелтілді. Іздестіру жұмыстарына жеке құрамның 4 қызметкері, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды, - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Қазіргі уақытта марқұмның мүрдесін іздеу шаралары жалғасып жатыр. Құтқарушылар өзен акваториясы мен жағалау аймағын тексеруде.

Өзгелердің жаңалығы