Исекешев: Антикордың жеке құрамы жемқорлықтан таза болуы керек

9 Шілде 2021, 10:36
1204
Бөлісу:
Исекешев: Антикордың жеке құрамы жемқорлықтан таза  болуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Кәсіпкерлерден олардың қатаң әкімшілік қысымға түскені туралы арыздар көп келеді. Бұл жерде кәсіпкерлер мен бұзушылар арасында баланс болуы керек. Бірақ бизнесті қолдау - ел басшылығы берген тапсырма. Осы күндері Президент рейдерлікке жауапкершілікті күшейту туралы заңға қол қойды. Көп жағдайда оны лауазымды тұлғалар бұзады. Осыған көңіл аудару керек, - деді Исекешев.

Оның айтуынша, Антикордың жеке құрымы жемқорлықтан таза болуы керек.

Жақында Атырау облысында жедел қызметкердің аса ірі көлемде парамен ұсталуы осыған дәлел бола алады. Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Мұндай деректер қоғамда негативті пікірді көбейтеді. Сондықтан жеке құраммен жұмысты күшейту керек, - деді Әсет Исекешев.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы атағандай, мемлекеттік және квазимемлекеттік саладағы сатып алу үрдісін де реттеу керек.

Ашықтық пен әділдікті көрсететін цифрлық технологияларды пайдаланған жөн. Сондай-ақ алғашқы қатардағы технологияларды ойлап табу да өте маңызды. Кәсіпкерлер мен халық осы салада нәтижелі жұмысты көрген соң, агенттіктердің рейтингісі өзі реттеледі, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы