Ирландияның Донегал округіндегі жанармай құю станциясында жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
RTЕ телеарнасының мәліметтері бойынша оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, себебі бірнеше адам үйінділердің астында қалуы мүмкін.
Жарылыстың себебі әлі белгісіз.
Нақтыланғандай, жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 20:15 шамасында болған. Оқиға болған жерде дүкендер, пошта бөлімшесі және шаштараз орналасқан.