Эр-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында жеңіл атлетика жарыстары басталды. Әйелдер арасындағы биіктікке секіру сайысында қазақстандық Ирина Сизова медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сизова ең жақсы нәтижесінде 1,77 метр көрсетіп, соңғы есеп бойынша төртінші орын алды.
Жарыста жеңіске Өзбекстанның спортшысы Барнохон Сайфуллаева қол жеткізіп, 1,84 метр нәтижесін көрсетті. Екінші орынға Гвинеядан келген Фатумата Баллей жайғасты — ол да 1,84 метр көрсетті, бірақ қосымша әрекеттер бойынша жеңімпаздан кейін қалды. Үшінші орынға тағы бір өзбек спортшысы Валерия Горбатова ие болып, 1,81 метр нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, 7 қарашада Эр-Риядта VI Исламдық ынтымақтастық ойындарының ашылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы ұсынады.
Сауд Арабиясы бұл ойындарды алтыншы мәрте қабылдауда. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Конья (2021) қалаларында өткен еді.