Әйелдер күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Спортшы 68 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Ирина Ндиффо Алмейданы (Камерун) жеңді.
Еске салайық, 7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасында 100-ден астам атлет бақ сынауда.
Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастығы ойындарын алтыншы рет қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) өткен.
Қазақстан ойындардың жалпыкомандалық медальдық есебінде алтыншы орында тұр. Құрама қоржынында — 13 алтын, 16 күміс және 18 қола медаль бар.