Мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беріледі. Енді іске асатын бағдарламаны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өсімдік шаруашылығына "Кең дала 2" бағдарламасы арқылы 5 пайызбен қаржы берілді. Енді дәл сондай бағдарламаны мал шаруашылығына да енгізуді көздеп отырмыз. Қазір айналымға 5 пайыз мөлшерлемеде кредит беру тетігін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік органдармен келісім жүргізілу үстінде. Бұл жұмыс 5-10 күнде аяқталып қалуға тиіс. Одан соң жобаны өңірлеге жеткіземіз. Кейін жеңілдетілген несие ретінде беріледі, - дейді Сапаров.
Министр қазір несиелеуге қажетті қаржы 50 млрд теңге екенін атап өтті.
Сол көлемде 50 млрд теңге айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы да іске қосылады. Жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды, - дейді Айдарбек Сапаров.
Бұған дейін асыл тұқымды сиыр мен қой сатып алуға жеңіл несие берілетіні айтылған еді.