Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60 пайызы отандық тауар - Сауда министрлігі

4 Мамыр 2025, 20:27
714
Бөлісу:
 Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Фото: Фото: Сауда және интеграция министрлігі

 Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына ерекше назар аударды.

Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді, - деп жазылған хабарламада.

Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы