"Ирбис-2024". Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда оқу-жаттығуға қатысуда

6 Маусым 2024, 21:07
353
Бөлісу:
"Ирбис-2024". Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда  оқу-жаттығуға қатысуда
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында қызу жүруде.

"Ирбис-2024". Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда  оқу-жаттығуға қатысуда

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім биылғы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған болатын. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері модельденді.

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

"Ирбис-2024". Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда  оқу-жаттығуға қатысуда

Оқу-жаттығулар бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу 9 маусымға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы