Иранда жалғасып жатқан наразылықтар мен тәртіпсіздіктер аясында елдің орталық бөлігіндегі Кум провинциясында қарулы адам лаңкестік әрекет жасауға талпынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Report агенттігі ирандық Tasnim агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, бұл туралы Кум провинциясы губернаторының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары Мортаза Хейдари мәлімдеді.
Иранның жауларының, әсіресе АҚШ президенті мен Израиль премьер-министрінің әрекеттерінің салдарынан кейбір күштер ел ішінде бейберекетсіздік орнатуға тырысуда, - деді ол.
Хейдари Кум қаласында террористік топтармен байланысы бар қарулы адамның граната қолданып, көшедегі адамдарды өлтіруді көздегенін айтты. Алайда жарылғыш құрылғы оның өз қолында іске қосылып, соның салдарынан ол қаза тапқан.