Иранмен соғыс Израильге 11,5 млрд долларға түсті

Бұл – соңғы шегі емес. ЦАХАЛ Иранмен соғыстың қайта басталу мүмкіндігіне дайындалуға бұйрық берді.

 Israel Defense Forces via AP Бүгiн 2026, 02:20
Бүгiн 2026, 02:20
118
Фото: Israel Defense Forces via AP

Израильдің Иранмен соғысы ел бюджетіне 35 млрд шекель немесе 11,52 млрд доллар көлемінде шығын әкелді. Оның 22 млрд шекелі қорғанысқа жұмсалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Израильдің қаржы министрлігі жексенбі күні мәлімдегендей, бұл сома 2026 жылға арналған бюджетке енгізілген.

Сонымен қатар, израильдік БАҚ мәліметінше, ЦАХАЛ Бас штабының бастығы Эяль Замир армияны жақын уақытта Иранмен соғыстың қайта басталу мүмкіндігіне байланысты жоғары дайындық деңгейіне келтіріп жатыр.

АҚШ пен Иран арасындағы американо-иранские переговоры в Пакистане келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, Замир жауынгерлік дайындықты күшейтуді бұйырды. Барлау қызметі нысаналар базасын кеңейтіп жатыр, ал әскери-әуе күштері соққы беру жоспарларын дайындауда. Алайда әскери әрекеттерді бастау туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

Наверх