Ирандағы тікұшақ апаты. Барлығының денесі табылды

20 Мамыр 2024, 11:55
1532
Бөлісу:
Ирандағы тікұшақ апаты. Барлығының денесі табылды
VIDEO
Фото: Telegram/isna94

Иран президенті Ибрахим Раисидің және тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі Табризге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздеу операциясы аяқталды.

Бұл туралы 20 мамырында Иран Қызыл Жарты ай қоғамында айтылды.

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығының денесі апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Денелерді іздеу жұмысы аяқталды, - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Ол іздеу қараңғыда тұман, жаңбыр болса да тоқтамағанын және тікұшақтың сынықтарын дрон тапқанын атап өтті.

Еске салсақ, Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кеткенін, кейін Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апаты салдарынан қаза болғаны туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы