Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ирандағы шеруде 5 мыңнан астам адам қаза болды

Бүгiн, 10:51
265
Бөлісу:
 Reuters
Фото: Reuters

Иран билігі наразылық акциялары кезінде қаза тапқандар саны 5 мың адамға жеткенін мәлімдеді. Ұсталғандар саны 24 мыңнан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл деректерді Иран үкіметінің өкілі Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде айтты.

Оның сөзінше, қаза тапқандардың шамамен 500-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Ал бейбіт тұрғындардың өліміне билік өкілдері "террористер мен қарулы бүлікшілерді" жауапты деп отыр.

Шенеуніктің айтуынша, ең қанды қақтығыстар Иранның солтүстік-батысындағы күрд аймақтарында болған. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың түпкілікті саны бұдан айтарлықтай өспейді деп мәлімдеді.

Ал HRANA құқық қорғау ұйымы өзге деректер келтіреді. Олардың мәліметінше, 3 308 адамның қаза тапқаны расталған, тағы 4 382 жағдай тексеру үстінде. Ұсталғандар саны, құқық қорғаушылардың дерегінше, 24 мыңнан асады.

Өзгелердің жаңалығы