Ирандағы қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ескертілді

Министрлік азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 01:49
Бүгiн 2026, 01:49
173
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажеттігі ескертіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарымыздан келесі ұсынымдарды қатаң сақтау сұралады:

  • адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
  • жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
  • қажетсіз сапарларды шектеу;
  • жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
  • төтенше жағдайларға дайын болу;
  • Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген азаматтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.

Тегеран қаласындағы Елшілік:
+98 21 2256 5933 (кезекші телефон)
+98 936 208 4672 (мобильді / WhatsApp)

Горган қаласындағы Бас консулдық:
+98 912 298 0350 (ұялы)
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны)
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Бендер-Аббас қаласындағы Консулдық:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон / WhatsApp)

Аталған байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

Сонымен қатар, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ел аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау үшін дипломатиялық өкілдіктермен байланысу ұсынылады.

Министрлік азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.

Наверх