Иран қазақтары қауымдастығының төрағасы Тайып Бегей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Президентке үндеуін Иран қазақтары көші жөніндегі шағын ақпараттан бастады.
Біздің келгенімізге 100 жыл болды. Бірақ өз салт-дәстүр, тілімізді, мәдениетімізді сақтадық. Құдайға шүкір, 91-ден бері Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, біздің Иран қазақтары да 93-тен өз еліне, ата жұртына көшіп бастады. Бұл көште 30 жылдың ішінде жылда 30 үй, 20 үй, 50 үй өз ата жұртына көшіп жүрді, - деді ол.
Иран қазақтары қауымдастығының төрағасының айтуынша, 4 жылдан бері Ирандағы қандастардың елге көшуі қиындаған.
Иран қазақтарының құжаттарының ішіне “қазақ” деген ұлтымызды жазған жоқ. Тек қазақтар емес, басқа ұлттардың құжаттарының ішіне де жазған жоқ. Сондықтан біз бұрын Қазақстанға баруға Ирандағы Қазақстан Республикасының елшілігі және консулдығы бізге бір анықтама беретін еді. Бірақ 4 жыл болды, сол тоқтады. Енді баруға “қазақтығыңызды дәлелдетіңіз” дейді. Бұл бізге көшуге үлкен проблема болып жүр. Бұрын бізге 3 жылға тегін диаспора виза беретін еді, ол да тоқтады, - деді Тайып Бегей.
Ол Президенттен Ирандағы Қазақстан елшілігінен берілетін анықтама мен диаспора визасын беруді қайта жандандыруды сұрады.