Ирандағы «Бушер» АЭС-і АҚШ пен Израильдің шабуылына ұшырады

АҚШ пен Израиль соққысынан «Бушер» АЭС-інің қосалқы ғимараты зақымданып, қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапты.

 Anadolu Agency Бүгiн 2026, 18:16
Бүгiн 2026, 18:16
143
Фото: Anadolu Agency

Иранның оңтүстігінде, Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Bushehr Nuclear Power Plant атом электр станциясы АҚШ пен Израильдің шабуыл нысанасына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Fars агенттігі мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, Bushehr Nuclear Power Plant аумағына АҚШ пен Израиль тарапынан соққы жасалған.

Шабуыл салдарынан станцияның қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапқаны хабарланды.

Жарылыстың күшінен және сынықтардың құлауынан станцияның қосалқы ғимараттарының бірі зақымданғаны атап өтілді. Алайда негізгі инфрақұрылымға зақым келмеген, станцияның жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр.

Бұл 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Bushehr Nuclear Power Plant станциясына жасаған төртінші шабуылы болып отыр.

Наверх