Иранда жоғары лауазымды екі тұлға қаза тапты: Тегеран кек алуға уәде берді

«Басидж» басшысының және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының қаза тапқаны расталды

 pixabay Бүгiн 2026, 09:54
Бүгiн 2026, 09:54
88
Фото: pixabay

Иранда әскерилендірілген «Басидж» құрылымының қолбасшысы Голамреза Сулеймани мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Лариджанидің қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы DW иран билігі мен мемлекеттік құрылымдарға сілтеме жасап мәлімдеді.

Ислам революциясы сақшылары корпусына (КСИР) жақын FARS агенттігі Сулейманидің некрологын жариялап, оның «шейіт болғанын» атап өтті. КСИР өкілдері оның өлімі үшін кек алудан бас тартпайтынын да мәлімдеді.

КСИР-дің ресми сайтында Сулейманидің «террористік шабуылдың» құрбаны болғаны жазылған.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де хатшысы Али Лариджанидің қаза тапқанын растады. Бұған дейін бұл екі жоғары лауазымды тұлғаның көзін жойғаны туралы Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлаған еді, алайда Тегеран бұл ақпаратты бірден растаған жоқ.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Сулейманидің 16 наурыз күні Тегеранға жасалған нысаналы соққы нәтижесінде жойылғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, Лариджани де әуе соққысы салдарынан қаза тапқан.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Лариджанидің өлімі үшін «қатаң кек қайтаруға» уәде берді.

Қаза тапқан «Басидж» басшысы мен Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы немен айналысты

«Басидж» құрылымы КСИР-ге бағынады және ішкі қауіпсіздікке қатысты міндеттерді, соның ішінде үкіметке қарсы наразылықтарды басу жұмыстарын атқарады.

Али Лариджани Израиль мен АҚШ-пен қақтығыс басталар алдында елді басқару ісін іс жүзінде үйлестіріп отырған. Оған наразылықтарды басу және ықтимал әскери текетіреске дайындық міндеттері жүктелген.

Сондай-ақ ол ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді бақылап, Тегеранның негізгі серіктестері – Ресей, Катар және Оманмен байланыс орнатуға жетекшілік еткен.

Наверх